Posted in

ҚАЙТЕР ЕКЕН ДЕГЕНДЕЙ (ДЕСЕМ)

Біреудің іс-әрекетіне сынай қарау. ~ Жұрт назары, қайтер екен дегендей, Асанәліге ауды. Денесі тіп-тік, өңі суық шал үн-түнсіз келіп, Әлімді еркекше қапсыра құшақтап, арқасынан қақты да қойды. Б.Тоғ. ~ Осыны да білмейсің, қайтіп шофер болып жүрсің? Тегі, басқа жұмысқа ауысқаның жөн болар, — деп қойды Өмірбек қайтер екен дегендей. С.Шай. ~ Төлеш (Қайшаны ұстап алып). Әлі неге құтырдың сен осынша? (Иығынан жұлып жіберіп, шалқасынан түсіреді.) Қайтер екен десем, шыдаған сайын төбемді ойып өлтірдің ғой. М.Әу. ~ Балуан, құрғаққа шыға аяғын адымдай, тез басып Ғалияға жақындады, бірақ, «қайтер екен?» деген оймен дыбыс бермей, жүрісін сездірмеуге тырысып, із өкшесімен басты да отырды. С.Мұқ.