Posted in

ҚАЙТКЕН КҮНДЕ ДЕ

Қалай болғанда да, айт-айтпа. * Қайткен күнде де бұрын аты аз аталған автор шығармасына кім-кімнің де алдымен ұмтылары аян. Ж.Нәж. * Мұндай тарихи жағдай болмағанда, мұндай сөздің шықпауы да мүмкін. Қайткен күнде де құстың тұғырдан түсіп, алжыған дәуірін көзімен көрмесе, бұл сөз шықпас еді. Ж.Баб. * Новиков сәл ойланып отырып қалды. – Менімше, мұнда бір сыр бар. Қалай деуге болады, жобамен айту қиын. Тегі бұл істе көп жасырын құпия бар. Иә, солай!.. Сіздер, қайткен күнде де конокрадтармен жолығуларыңыз керек. С.Жүн.