Бірінің артына бірі ілесіп, шұбырып, қанаттасып. ~ Қайтқан қаздай шұбырған түйелі көштер кей күндері ошарылып келіп, бір жазықты ендей бір-ақ алып қалады да, кей қонысқа анжау-шанжау бытырап кетеді. Ж.Сәм. ~ Семейде тұратын жиен ағайым Шандақбайға телеграмма бердім – «Қайтамын. Бостандық» деп. Сөйтіп біз қайтқан қаздай шуылдап елге бет алдық. С.Бег. ~ . Бір кезде үйдей-үйдей алып тракторлар қайтқан қаздай тізбектеліп өтіп жатыр, өтіп жатыр. С.Жүн.
