а) Әлдебір қуанышты жағдаймен құттықтау. ~ Өлеңді бастап, ең әуелі осындағы үлкен-кішіге сәлем берді. Өлеңмен ауылдағы тойға қайырлы болсын айтты. А.Жақ. ~ Әрине, көрші-қолаң жаппай кіріп-шығып, қайырлы болсын айтып жатыр. Екі ұлы қатарынан аман оралған Мағаш-ағаның не арманы бар деуге тиіс. М.Мағ.
ә) Көңіл айту. ~ Хорунжий хазретлер, аттарыңызды қайырып, мұнда қалыңыз, өздеріміз aт беріп, тамағыңызды көтереміз деп едік, пристав тез қайт деп жатыр деп болмай тоқтамады. Қайтып кетті. Қайырлы болсын! Алла тағалаға тапсырдық. «Өлген соң тәубе жоқ» дейді. Хазретлеріңіз… нала қыламыз. І.Жанс. ~ Қайраттанып белің бу, Жеңілмес қайғы атқан оқ. Биссимилла сөздің басы мa? Артын ойлап, тоқтау қыл, Кім көшпеген бақиға. Қайырлы болсын қазаңыз! Сабырлы болсын азаңыз! ҚАӘ. “Ақсақ құлан”.
