Posted in

ҚАЙЫР СҰРАДЫ (ТІЛЕДІ, ДӘМЕТТІ)

Қайыршыға айналды, тіленді, сұрамсақтанды, мүсәпір күйге түсті. ~ Жұмыс іздеп жүргенде үйімді үптеп кетіпті. Мына аш балалар шырылап үйде отырғызбағасын, шыбын жаным шырқырап қайыр сұрап жүрмін. С.Досан. ~ Кім білсін, елдің қарғысы, шешемнің көз жасы әкемді жібермеді ме? Ел аралап қаңғып қайыр тілеп қалыпты. Б.Жұм. ~ Шымкенттен ере шыққан Тәкен ағамыздың немере туысқаны еді. КГБ- ның қызметкері тұрмақ қайыр дәметкен көшенің мүсәпіріне де күдікпен қарайтын ағамыз туысқанымен өбектеп сөйлесе қоймады. Қ.Ысқ.