Еркін қозғалу, тез жүру мағынасында. ~ Сондықтан оппа қарды қайықтай есіп, жолдың жалпы жобасынан жаңылмады. Бірақ аяғы үнемі жол үстіне дәл түсе бермеді, бірде оңына, бірде солына жаңылыс кетіп отырды. С.Мұқ. ~ Бүркітбай!– деді ол, – мынауың қалай-қалай желеді? Қызған сайын қайықтай есіп барады ғой! С.Мұқ. ~ Оның ойлары судың ағынымен жарысқан қайықтай зырлады да, кенет құмға қайрандап қалғандай болды. Т.Рыск.
