Posted in

ҚАЙЫҚТАЙ ҚАЛЫҚТАДЫ (ҚАЛҚЫДЫ)

Жылдам, шалқи, екпіндей жүру, шабу, жүзу туралы. ~ Судың бойласаң бақай жетер тұсы сүйек қабар суық та, бет жағы жып-жылы, қайықтай қалықтап шөп-шөп сүйген толқынмен алысып жүзе бергiң келедi. Т.Сәу. ~ Әңгімелері үзілген Әлібектер де үнсіз. Кемиек те түшкіруді ұмытып, насыбай салған ернінен сілекейі шұбырып отыр. Қайықтай қалқыған ат, сол жүріске айналған ән. С.Жүн.