Салт-дәстүрде жоқ, жөнсіз қылық, өрескел әрекет хақында. ~ Ораздың малын аяйсың ба, үш теңгемен ойын таратқанды қай атаңда көріп едің? Түнеугүні Медеу Салықтың қызын ұзатқанда, күйеуден он сомның күмісін алғанбыз. Сол Медеудің бозбалалары да ойынға келіп отыр, оларға таба боларымыз жоқ,— деп Түркеш дауласып отырып алды. С.Көб. ~ Апыр– ай, бала– ай, әкең момын сияқты еді, сен самаржақ кімге тартып туа қалдың екенсің? Жігіт намысы тұрғанда қай атаңда шаппай бәйге бергенді көрдің? К.Сег. ~ Аусарым, немене, маған өкпелеп қалған жоқпысың? Жә болды енді. Отаныңа жау тигенде от басының ұрысын елеу қай атаңда бар еді? Ә.Әб.
