Posted in

ҚАЙ (НЕ) СӘНІ ҚАЛДЫ

Мән-мағынасы, жарасымы кеткен іс туралы. ~ «Сорлады-ау, сорлады-ау!..» — деп күбірлей береді. Қайнап тұрған самаурынның отын сөндіріп, суын төгіп тастады. Шай ішіп отыратын қай сәні қалды ендігі жерде. Не істейді енді?! Қайда барады, кімге барады? С.Мұр. ~ Бір күшіктің ылаңынан сені мазақ тапты, мені құдай атты! Мына тірліктің не сәні қалды? Неге өлмеймін! Аруақ қайда? Неге атпайды жазасын! – деп еңіреп жіберді. С.См.