Posted in

ҚАЙ-ҚАЙДАҒЫСЫ ҚОЗДЫ

Ой-қиялы әрменге, алысқа кетті. * Қарамайын десең де көзің түсіп кетеді кейде. Содан қай-қайдағың қозып, жер-көкке сыймайды екенсің!.. – деп жап-жақсы отырған шалым бәдіктене бастады. Т.Сәу. * Ән әркімнің «қай-қайдағысын» қоздырды. Ән біткенде жұрттың әрқайсысы өз көңілдерінде оянған өткен күннің жақсы елесіне беріліп, елтіп отырып қалды. Т.Ахт. * Інім, сол күні несін айтасың, қай-қайдағым қозып, Ұлтуған ойыма көзімді жұмған сайын оралып … төсегімде таң атқанша дөңбекшіп шықтым. Б.Қыд.