Мұндай сөзді айтуға қалай ұялмайсың д.м. * Бұндай сөзге қалай аузың барады, о не дегенің? Ш.Айт. * Басқа жігіт? Олай деуге қалай аузың барады? – Қыз еркелеген күйі жігітті аппақ қолдарымен ұрғылай бастады. Ж.Шамұр. * Осы орынсыз қалжыңды қашан қоясың? – деді кенет қабағын түйіп Тобықов. − Басшы адамдарды түйеге теңеуге қалай аузың барады? Күлетін жеріңді білсейші. І.Ес. * … Иә, иә, Әлидің басын айналдырып алды ғой. – Қойшы, әрі! Аузың қалай барады. Ә.Нұрп. * Жиренім-ау, сен не деп тұрсың? Соған қалай аузың барады?-деді Қасқыр шошып. С.Ом.
