Posted in

ҚАЛАЙ (ҚАЛАЙША, НАҒЫП) ҚИДЫ ЕКЕН

Әлдебір іске қалай дәті шыдады, қолы барды д.м. ~ Көзін тырнап ашқалы бері қатар келе жатқан, бірге ойнап, бірге өскен Шеге емес пе еді. Қалай көзі қиды екен. Шырылдатып дозаққа тастады ғой досын. С.Ел. ~ Айтты ғой, мана. Әлсіретіп, қансыратып, майыстырып сындырам деп. Сындырды, міне. Нем бар енді мен қимайтын бұл тірлікте. Қобландыжанды қалай қиды екен? С.См. ~ Әупіш! Сен хажының көзі едің. Мына сұмырайларға сенің алдыңда сот жасайық деп келдік. Хажының пәк жанын қалай қиды екен, айтсын, қане! Б.Тоғ. ~ Айбалтамен шабуға Қалайша көзі қиды екен, Көтібар сынды қыранды Әлімнен шыққан ұланды. Сегіз Сері. ~ Келтірсін Құдай көзіме Маған қылған осыңды. Нағып көзің қиды екен Артықша туған мүсінді! “Қыз Жібек”.