Posted in

ҚАЛАЙ (ҚАЛАЙША, ҚАЛАЙ ҒАНА) ДӘТІ БАРДЫ ЕКЕН

Біреудің әлдебір жөнсіздікке (қылмысқа) баруына қалай ұяты жіберді екен д.м..~ Ағылып жатқан мәшинеге қарамады. «Иттің ғана баласы–ай, «өзіме емес, әкемнің портфеліне үйленіпті», «жас өмірім мәңгі солды», «ісі сұйық жауыз адам» деп төгілдіріп жазуға қалай дәті барды екен. Д.Дос. ~ Бірін-бірі іздеу былай тұрсын, алдап-арбап алаяқтықпен өз пайдасын ойлап, сатқындық жасауы қалай? Әйтпесе Рабиғаны сондай жағдайға итермелеуге қалайша дәті барды екен? З.Нұрт. ~ Басынан аяғына шейін әр сөзінен ақ ит кіріп, қара ит шығып жатқан былапыт мақаланы басуға аяулы газеттің қалай ғана дәті барды екен деп те ойлайсың… С.Им. ~ Ергушовоға бара жатқанда, — деді Левин, жан-дүниесін кернеген бақыты тұншықтырып тұрғанын сезіп. «Күналы әлдене жайындағы ойымды осынау тебірентерлік жанға әкеліп жалғауға дәтім қалай барды екен десеңші менің! Л.Толс.