Posted in

ҚАЛАМ ТАРТТЫ

Әдеби еңбекке кірісті; белгілі бір тақырыпты игерді, шығарма жазды. * Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. М.Дул. * Флобер әрбiр сөйлемiн құдiреттiң өзiне айналдырған, Стендаль қалам тартып бір парақ дүние жазу үшiн ұзақ түндер бойы жанын қинапты. Д.Аман. * Байқап отырсаңыз, аталмыш тақырыптарға қалам тартқан жазушы бір Сейтжан Омаров еместігіне көз жеткізесіз. Қ.Ерг. ~ Оқта-текте басқадай науқандық тақырыптарға қалам тартты. Бірақ бұларының ешқайсысын жинақтарына енгізбеді. Өзінің көңіл қазысы қоштамағаны ғой. Қ.Бая.