Жіңішке, әдемі, қиылған қас. ~ Жамылып орман ішік иығына, Күлкі алып қалам қастың қиығына, Оралтып шәй көйлекті судыратқан, Мәсілер зер тоқытқан жұлығына. І.Жанс. ~ Сартай. Айналайын, Доғал-ау, әлгі қалам қасты қайдан тапқансың? М.Әу. ~ Зейнеп сымбатты да, көрікті де қыз болатын. Оның түр-тұлғасы қазақтың ауыз әдебиетіндегі: … Кең маңдай, қыр мұрынды, сүйір иек, – Қалам қас, оймақ ауыз, ұзын кірпік, – Мойыны иірілген аққу – сынды, Күмістей ақ бұғағы тартты күнді, – … дегендей, сымбат пен кескін біткеннің қазақы мағынасындағы ең сұлуы еді. С.Мұқ.
