Posted in

ҚАЛПАҚПЕН СОҒЫП (ҚАҒЫП, ҰРЫП) АЛДЫ

Оп-оңай жеңді. ~ Ойын бітті, енді соғыс басталады!– деді Мұрат жұмырығымен ауаны ұрып қойып.– Нағыз ауыр соғыс басталады. «Жауды қалпақпен соғып аламыз» дейтін ақымақтар кейінде, тылда қалды. Т.Ахт. ~ Иә, несін айтасың, – деді жылтыр қара мұртын сылап. – Кеше “ғасыр халтурщигі” атанып еді, енді лауреат боп Мемсыйлықты қалпақпен қағып алды! “Мықтының арты диірмен тартады” деген осы да. Т.Сәу. ~ Зағип еркек сырнайын сыңсыта созып-созып алып, жүрек шымшыр мұңлы мақаммен зарлай жөнелдi. Қарлығыңқы қоңырбарқын даусы соншалық жұмсақ, әсерлi. «Әншiмiн» деп күпiнiп жүрген талайларды қалпақпен ұрып алғандай. Т.Сәу.