Posted in

ҚАЛПАҚТАЙ ТҮСТІ

Ұшып түсті, домалай құлады. ~ Сүйек сақыр– сұқыр етті – кебінді бас доптай ыршып, молданың кеудесіне дүрс етті. Молда қалпақтай түсті. Малай бұғып қалды. Қайта серіпкен басты қағып алып, сыртқа домалата тастап, Əбежан көрден шықты. Молданың аузы жыбыр– жыбыр. Ж.Айм. ~ Қос өкпеден дөп тиген оқ қойсын ба, киік жан дәрменімен қаңғалақ ойнап барып, қалпақтай түсті. М.Әбд.

  1. Сырқаттан жатып қалды. ~ Аурудан шықпай-ақ қойды. Қымс етсе, қалпақтай түседі… М.Әбд. ~ Жүкең шынында да мұрттай ұшқан екен. – Басым, белім, сүйек-сүйегім шағып әкетіп барады, – деп қалпақтай түсті. Ж.Сам.