Ұшып түсті, оқыс құлады. ~ Сөйткенше болған жоқ, оқ тасушы кеудесін басып қалпақтай ұшты. С.Бақ. ~ Нөсер кезінде ықтаған малды қайтарып жүргенінде Серікті жай соғыпты. Ат– матымен қалпақтай ұшқанын Самат өз көзімен көрген екен. С.Мұр. ~ Айтқандай ат тұяғының дүбірі естіле қалған еді. Шөке құрығын әзірлей тұрып құйын перен келген аңғал қуғыншыны көшіп жіберген еді, қуғыншы қалпақша ұшып түсті. Б.Жұм.
- Оқыс ауырып, жатып қалды.
~ Тапсырып кеткен дімкес әйел төсек тартып, ойын баласын қарай алмапты. Қайтып келсем, Мұрат қалпақтай ұшып, ауырып қалыпты. Т.Ахт. ~ Жұмыс, жұмыс түгесіле ме. Өстіп бірді– бірге жалғайын деп жанығып жүргенде, қалпақтай ұшсаң, дүниенің шолақтығын әне, сонда түсінерсің! Қ.Жиен
