Posted in

ҚАЛЫҢ ОЙ

Адамның мазасын алған терең ой. * Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой – қара жылан жүректі еміп. М.Жұм. ~ Жиғаны, бар тапқаны – басқанікі, Керек десе, тәнінде жалғыз қан жоқ!» – Деп ойлап, қалың ойда жатыр едім, Көп ойлап, ой
дәмінен татып едім. Естілді үй сыртынан апам даусы: «Ноқта апар, неғып тұрмай, жатып едің?». М.Жұм. * Алиман қалың ойдың шырмауынан шыға алмай жатты ма, білмеймін, әлсін-әлсін терең күрсініп қойды. Ш.Айт. * Ол қалың ойдан селк етті.
К.Қаз.