Posted in

ҚАЛЫҢ ОРТА

Әлдененің бел ортасы, қайнаған іші, екі арасы; нағыз өзі. ~ Әңгіме аяқталғанша, сырттағы атыс та тоқтады. Мирошник пен ревякин екеуі біздің взводты сапқа тұрғызып, ағаштың қалың ортасына қарай алып кетті. Онда бізді дивизия командирі, полковник орехов күтіп тұр екен. Ғ.Мүс. ~ Оларға әздерін патша бекеттері мен қамалдарының самсаған қалың ортасынан Жайықтың арғы жағасына, патша жендеттері мен Жәңгір хан зекетшілерінің көзінен тасалау, Сарыарқаның көз жеткісіз кең жазирасына алып шығып, Кіші жүздегі туыстарына бастап апаратын адам керек еді. Ә.Әл. ~ Сонымен, Елеусіз Досов пен Қараш Беков селкілдек поезбен түні бойы жүріп, ертеңіне ұлы сәскеде Қаратаудың қалың ортасындағы бір кенге келіп түсті. Т.Әл. ~ Бұрынғы бейтарап енжарлар енді ел назарының қалың ортасында жүретін болды. В.Расп. * Балтаның шынымен мұңайып тұрғанын білгенде Сәуле қуанышының қалың ортасынан сытылып бері шықты. С.См. * Алакеуімде атқа қонған шоғыр жолаушы намаздігер шамасында Үшкөкшенің қалың ортасында отырған бір ауылдың төбесін көрді. Т.Әл.