Posted in

ҚАМШЫ САЛДЫРМАДЫ

Әлдебір істі мінсіз атқарды, өз бетімен-ақ орындады. ~ Төлеген екі қонағына жайраңдап: — Қанша айтқанмен бұрынғының кісілері қамшы салдырмайды-ау! Жақсы келдіңіздер!— деп білезігіндегі көздей сағатына қарады. Ж.Айм. ~ Театр актерлерінің шама-шарқы бес саусақтай белгілі. Көпшілігі ысылған, қамшы салдырмайды. Өзіне бекітілген рөлді өлсе де, тірілсе де ойдағыдай ойнап шығады. Ж.Айм. ~ Қас жүйріктің белгісі, – Дуды көрсе, жұлқынған. Айтулы жүйрік мен едім, Салдырмай қамшы, ұмтылған. Н. Шыршығ. ~ … қыз қашан бой жетеді, бозбала қашан бой түзейді, — бүл көргендімін деген шешенің, көшелімін деген әкенің құлағына құйғаны. Ал өзінің біліп істегені — оқуда қамшы салдырған жоқ, бірақ құлқымен бір пәнді сүйген де жоқ, әйтеуір білім алуды міндеп деп санаған… Қ.Ысқ. ~Төрт көзі түгел класс алдында лоқсу кімге абырой әперетін қасиет. Ал өйтпеу үшін екілік ауылына жоламаған жөн, тақта алдында қамшы салдырмау қажет. М.Қаб.

ҚАМШЫ САЛДЫРДЫ

Шаршап қалды, болдырды. * Өз аты намаздыгер шағында қамшы салдырып, белі босаңси берген. М. Әу.