Өз ісін тыңғылықты атқаратын адам хақында. ~ Буыршын мен Сары хан аңға барды, Топта қамшы салдырмас жануарды; Күміс мылтық мойнына тағы салды, Той төбені бет қойып соған барды. Ә.Бөкейх. * Жайшылықта жайдақ әңгімеден қамшы салдырмас майталман Әшір мұндай кітаби тақырыптарға шорқақ. М.Қаб. ~ Нағыз ақын алпысында алдырмас, Желе шауып жетпісінде шалдырмас. Сексенінде секем алып, сыр бермес, Тоқсанында топта қамшы салдырмас. С.Тұрғ.
