Күш көрсетті, айбат шекті, қорқытты. * Қамшы үйірдім
атойлап хан тағына, Хан-сұлтандай қайрымсыз аң табына.
Жұб.Молд. * Әлде Асқардың өзіне солай көрінді ме екен?
Кейінгі тірліктің икеміне иіле алмай, баяғы кеудемен босқа
арандаған адам Құланбай батыр болды. Өзіне қамшы үйірген
милицияны өлімші қылып сабап, жауапқа«тартылып, одан
кейін түрмеден қашып, бандыларға қосылып, ақыры өлігі
далада қалды. Т.Әбд. * Кеңестік идеология санасына әбден
сіңген, соған ұйыған, Алланы ұмытқан, мұсылмандықтан
безген, обал-сауапты, рахым-қайырды білмейтін
қаныпезерлер әулеті қалыптасып, олар ел тарихын
мансұқтап, отаршылар алдында бас шұлғып, ұлттық
игіліктерден безіп шығып, санаткерлер төбесіне әзірейіл
қамшысын үйірді. Р.Нұрғ. * Бүгiнде кешегi қас дұшпанымызға
ақыл ендi.Соның бiрi Iзет. Рас, ол кеше елге тiзесiн батырды.
Желiден кесiп жылқы алды,көнбегендердiң басына қамшы
үйiрдi. Б.Алд. * Мына «Аша тұяқ қалмасын!» деп, қамшы
үйiрiп қара құйындай ұйтқыған ұраннан қазiрде шайқалмаған
шаңырақ қалды ма? Т.Сәу.
ҚАМШЫСЫН ҮЙІРДІ
Қорқытты, қоқан-лоққы жасады, озбырлық қылды. ~ … өзіне тиген аз сәттік билікке масаттанған қарлы боран мың- миллион қамшысын үйіріп, оң жамбасына келгеннің бәр- бәрін осқылап, көкайыл долылық қысып, өзгеше өкпелі қатыгез мінезбен осқырынады. О.Бөк. ~ Еркек кісі екі жерде: «Не қыл дейсің?» – деп сұрамас болар. Біреуі ата дұшпаның қамшысын үйіріп алдыңда тұрғанда, екіншісі ажарлы қатын төсегін салып, шамын сөндіріп қасыңда жатқанда. Ә.Кек.
