Posted in

ҚАМШЫ ҮСТІНЕ ҚАМШЫ (САЛДЫ)

Соққы үстіне соққы көрді (тиді). ~ Мына діңкені құртқан дүкілді қайтеді — жігіттің қиналған жері осы. Көп дүкіл онсыз да жұқа жүйкеге қамшы үстіне қамшы. М.Қаб. * Онсыз да ап-айқын ана-мынаны сұрап, мазасын ала бергесін Елтай алайып қараған. Ол қамшы үстіне қамшы болды ма, корректор қыз-келіншектерді айналшықтап, бұралқы әзіл айтты, әрнені меңзейтін сурет салып, әркімге көрсетті ме, өз-өзінен мәз болып күлді ме-ау… М.Қаб. ~ Қос нар әудем жерге дейін маң-маң басып барып, беліне салмақ түскендей, басқа ұрғандай тастабандап тұрып алды. Қамшы үстіне қамшы салды. Қойшы ауылдан батып бара жатқан ал қызыл алаулы мезгіл болатын, қырбық мұз жапқан өзен жағасын алтын жонды сазан балық көміп кетті. Д.Дос.