Қадамын қысқартты, өрісін тарылтты, жолын кесті. * Қара күнді жамылып, қара қазақ Қара түнді басынан кешкен еді. Қара қайғы көрсетпей ештеңені, Қара жауы қанатын кескен еді. М.Мақ. * Кімде-кім сол қазақ деген қыранды қанатын кесіп, жем-құсына айналдырғысы келсе, ол менің қас жауым, туған балам болса да аш тамағынан ала түсіп, өз қолыммен бауыздауға бармын. І.Ес. * Бұғып кеп тексіз — татылар, Жеткізбей ереуіл атына; Ағаларымның қанатын
Қиды да кетті қапыда. Св.Нұр. * Саңқылдап тұрған қыранды, Қанатын қиып қаз қылған. Анадан қалған мұраңды, Қанағатсыздарға қаздырған. Ә.Бесб.
