Ұшуға дайындалған құстай д.м. * Араша құжынаған көп самосвал машиналар әлсін-әлі сол таразыға келіп сәл кідіреді де, үлкен сарайға ене беріп қанатын қомдаған бүркітше жауырынын күдірейтеді. Содан кейін артында шұбалған шаң қалдырып, қыр асып бара жатқанын бір-ақ көресің. С.Шайм. * Қасымым болса, комбайнның үстінде ұшуға қанатын қомдаған қырандай алдына көз айырмай қадала қарап, енді қаншасы қалды, қаншасын орып бітіремін дегендей түн қатып жүргені жүрген. Ш.Айт.
