Жебір, есесін жібермейтін жемқор, тойымсыз жалмауыз.
~ Біздің Қасен молдадай қанды қақпан болса, бұл молда да теріс болмас. Біздің молда Торқа бәйбіше мен Жаппардың баласы өлгеннен бері дәндеп, күнде бір келе жатқан кісі болса, намазға шақыра жүр ме деп, қарап тұратын болды, – деп үйде отырғандарды ду күлдірді. М.Дул. ~ Үкімет жағы қылмысты одан әрі тереңдете қузастырмақшы болып, қанды қақпанын даярлай бастағанда Қожанияз бастаған диқандар көтерілісі туып, байтал түгілі бас қайғы болған қытай жағының Әліпті қудалауға шамасы келмей қалған. Ж.Шәк. ~ Қанды қақпанның құлыбы. Жұлынды жаны — жұлыны, Үзілді тамыр, сіңірі, Қидасын кәрі жілігі. Түсті де Зауал құрығы, Құландар құсап құрыды. Св. Нұр. ~ Е, сүйтіп, теңіз жағасынан шыққан көкжал қанды ауыз қақпанның дәл үстінен туралап келеді де… Ә.Нұрп.
