Posted in

ҚАНДЫ (ҚАН) ШЕЛЕК

Баукеспе ұры, қаскөй қарақшы; содыр. * Ә б д і л д ә (жақындап келіп). Бейсембі, түбіме жеттің бе, Бейсембі? Қанды шелек-ай, не кегің бар еді? Арыстанымды сұлаттың ба? (Жылап.) Бауырым-ай, Төлеш-ай!.. Серігім-ай! М.Әу. * Қанды шелек отыз жетіде «жауды әшкерелемегеннің өзі – жау» деген ұран көтерілгенде, көп көкіректің түбінен пендешіліктің қара көлеңкесі қалықтап шыққан. Т.Сәу. * Осындай қанды шелек адамнан әулие әкеңнің кұнын қалай алмай жүрсің?! Ең болмаса аруағын сыйлауың керек еді ғой! І.Ес. * Бейсембі. Саған еріп жүргенде өсе берсем, атым өшсін! Қуарған, ел-жұрттан безген қан шелек! Қырыма салмай жүрген шығармын. Алдымен саған қылармын! (Бейсембі шығады.) М.Әу. * Майбасар аузын аша алмай, қақ басқа бiр салғандай болды. Мойнын оқыс терiс бұрып – Өй, тiлiңе шоқ түссiн, қан шелек! – деп, ұялғаннан күлiп жiбердi. М.Әу.