Кісі өлтіруден де тайынбайтын, әккі қарақшы, қанышер қылмыскер.. ~ Серіктерімнің бәрі де шетінен қанды балақ ұры екен, – деді Арыстан ызаланып. С.Ом. ~ Ондайда шындық айтар деген адамды куәға тартады. Өзіміздің ағайын бір момынның жалғыз атын ұрлап, тендік бермей жүрген Түнғатар деген қанды балақ ұрының қылмысына сот тергеуінде куәлік айттым. C.Бег. ~ Кең залдың іші қандай ызғарлы болса, құс түсі де сондай ызғарлы. Иесі осал кісі емес. Россия патшалығының Сібірдегі аузынан от бүріккен қанды балақ жендеті. І.Ес.
