Қатығез, озбыр, қаскүнем. * Аузынан от жалындай, зәр қарғыс атты: – Қанды балақ қас жауым Абай десем, бөлтірігі тағы еріп пе еді?! М.Әу. * “Атаңа нәлет қанды балақ, қатыгез жау” деп дауыстап келеді іштей, атаңа нәлет сен жойып жібермесең
ғой, құртып-суалтпақсың. Досмағанбеттің жанын кеміріп жейтін осы. Н.Дәу.
- Қыран бүркіт. * Дүниенің бір қызығы қыран бүркіт, Алыстан ат терлетіп тапсаң таңдап.Шегір көз, қанды балақ, қыран
бүркіт, Бозбала қапы қалма малыңды іркіп. Абай.* Ер Баян жас сұлуды алып келген, Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген.
Қан жауып екі көзін, қанды балақ Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген. М.Жұм.* Қырымға қарайтұғын қара кермін, Аң алмай
жерге бекер қонбайтұғын. Айнымас қанды балақ ақиықпын, Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын. Біржан сал. - Әккі, ақ қаптал, жырынды. * Бір ұры қанды балақ Нұрман деген, Шулатып жүруші еді осы маңды, Құтылып қолға түспей
қашып кетті, Ұстауға жасасақ та бар амалды. Қ.Аманж.~ Қаракесек, Қуандық, Сүйіндікті бір өзі күйзелткен қанды балақ,
енді бүкіл Сиқымбайды тік көтере бізге қарсы шықпақ. Ғ.Мұс. - Адам қаны судай аққан (майдан). * Қанды балақ соғысты қарғыс атсын, Қайран жеңгем, шырқынды бұзды қалай. Күлкің
қайда күмістей сыңғырлаған? М.Мақ.
