Posted in

ҚАНДЫ ЖАНЫШТАУ

Аяусыз басып-жаншу, билеп-төстеу, үстемдік ету. ~ …ел ағалары Қожамберген, Жеңісхан, Сақаба, Қази, Әйкебай, Ібірәлі, Қайдар бастатқан он сегіз адам өз бастарын ел құрбандығына арнап қолдарын көтеріп, өздігінен беріледі. Нәтижеде Бәйтік елі қарулы жаудың қанды жаныштауына түседі. Ғ.Біл. ~ Қару кезеніп, қарсылық көрсетушілерге қанды жаныштау жүргізгелі тұрған қаһарлы шеп емес, құйрық-жалы күзеліп сымпиған, қару-жарақтан айрылған, қолдары артына қайырылған мүсәпірлер тобы. Ғ.Біл. ~ Тағы бір жағынан патша армиясының қанды жаныштауынан қорқып, бас сауғалауға айналғандар бала-шағасын алып, төрт түлік малын айдап Тарбағатайды аса көшуге бет түзеді. Ғ.Біл.