Ұрпақтан ұрпаққа көшкен бітпес дау, қанды қанмен жуу дәстүрі. * Бірақ осы зорлық жеті ұрпаққа жеткенше ұмытылмайтын қанды кекті ұйытып, меркіттер мен бөржігендерді: «бес саусағының көбесі сөгілгенше, он саусағы мұжылғанша өштігі» қайтпайтын ата жауға айналдырғаны анық. Т.Жұрт. * Аттан, жастар, қан майданға, Қайнап бойда қанды кек! І.Есен.
