Posted in

ҚАНДЫ МОЙЫН (ҚҰНЫКЕР, АЙЫПКЕР, ҚЫЛМЫСКЕР)

Мойнына қан арқалаған айыпты, дұспан д.м. ~ Қозыбақ ішінде Сәлмен – әсіресе мұның қанды мойын құныкер жауы. Сол бір аңғарды білді де, жүре берді. Бір күні түс кезінде болыс аулының бір жігіті келіп, Жарасбай шақырып жатыр деді. М.Әу.~ Бақтығұл бұл топқа өңшең Қозыбақтың өрен-жараны болғандықтан, шетінен кекті; қанды мойын құныкерім де, дұспаным деп білетіндіктен, келістерінен де, мынау сызды салқын бетінен де сескенген жоқ. М.Әу. ~ – Сәлменнің өз жылқысы болмай, Қозыбақтың басқа бір аулының жылқысы болса да аламын осыдан! Қозыбақтың бәрінің де жылқысын баққам. Бар Қозыбақ түгел менің қанды мойын құныкерім! – деп, бозды тебініп қалып, оң жағындағы бетке қарай қапталдап ерлей бастады. М.Әу. ~ – Әй, Ыбырай, шешендік салыстыра келгем жоқ! Ендеше, қалғанын тыңда. Оразбай осы жолы қашқындар ғана емес, Ыбырайдың дәл өзін қанды мойын айыпкер етіп, табанымның астына салмай тынбаймын! – деді. М.Әу. ~ – Қазiр соқтықпа. Тек түнде тос. Оралады ғой Балбаланың босағасынан. Ант амансыз, жан күмәнсыз, құдай қол-аяғын байлап бергенi сол емес пе, қанды мойын айыпкер етiп? М.Әу. 6 Жас кезінде осы Жанқожаны қанды мойын қылмыскер көретін еді… Марқұм Нұртай қандай еді, осы Жанқожа өлтірді, Тықыны өлтірді… Бала кезінде жалған намыстың пікірі осылай бірте-бірте өзгерді… З.Шүк. ~ Егер Қылышбай қол бастап, қарақалпақтың шымбайына батқандай іс қылса, иісі Кішкене, қалды Киікбай тұқымы қанды мойын қылмыскер аталады… З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *