Posted in

ҚАНДЫ (ҚАН) ШЕҢГЕЛ

Дұшпанның ажалды уысы. * Мүмкін, ауа райының осы қарбаласын пайдаланып, зұлым жау елімізге қанды шеңгелін салмақ болар. Б.Соқ. * Жетісуға өстіп анық төңкеріс рухы орнап, кеңес өкіметіне үлкен қуаныш болған. Жарлы-жалшының қанаушылардың қанды шеңгелінен азат болғанына орай олардың облыстық тойы болып, тарихы әспеттелген. Б.Қыд. * Әйтпесе «әр ұлт өзін-өзі билеуге ерікті» деп жалпақ әлемге жар салып ап, жеме-жемге келгенде бостандыққа бұлқынған бұрынғы «бұратаналарды» неге қанды шеңгелінен босатпады? Т.Сәу. * Тамырлары шоды¬райып бүлк-бүлк соққан қылдырықтай мойынды қылғындырып бүріп түсердей, орып түсердей сұрапыл сұспен төнген қанды шеңгел сылқ құлады. Т.Сәу. ~ Өзінің осы өмірден мықтап түйген бір шындығы бар: қайта тілі тәтті кісілер тас бауыр, қатал келеді. Қолымен қан шеңгелдеп тұрып та олар адам адамға бауыр, дос деп даурығады. Ә.Нұрп.