Posted in

ҚАНДЫ ҚАСАП

Жан түршігерлік аяусыз қырғын. * Әскер төңірегіндегі адамдарды өзінің сіңірген еңбегінен он есе артық бағалаған жөн. Сонда олар қандай қанды қасапқа айдасаң да құлшынып тұрады. Ә.Кек. * Көзбен өзі көрмеген адамға үлкен шабуылдың жүрек түршіктірердей сұмдығын жеткізе суреттеу мүмкін емес. Ол бір қанды қасап. М.Сүн. ~ Жетім мұңын қайтушы еді, іргелі ел, Бір жағы – өрт, бір жағы – мұз, дүрмек ел. Бір жағында қанды қасап – мүрделер, Бір жағына қойды жасап – түрме-көр. Св. Нұрж. ~ Кілт тоқтап, дүбірлеткен тағы сарын Аңсайды алдағымен тоғысарын. Ұрлықтың қанды – қасап төңірегі Ұқты ма соны мынау тоғышарын? Х.Ерғ.