Posted in

ҚАНДЫ ҚОЛ

Мойнына қан жүктеген қанышер; қас дұшпан. ~ Біз оған күң қылсын деп бергеміз жоқ, Не қылдың, не қойдың деп тергеміз жоқ. Барлы мен, мұны өлтірген, Ханым қатын, Қанды қол онан өзге көргеміз жоқ». Шәк. ~ Елсіхан бастаған Қожақын, Адубайлар сияқты көптеген жаужүрек батырлар елін қорғау да қытайдан, моңғұлдан, ұйғырдан – сан тараптан тиіскен қанды қол қас жауларымен бастарын бәй тіге шайқасқан. Ж.Шәк.

  1. Тонаушы, қарақшы. ~ Түйебай, сен қандықол қарақшы екеніңді мойындайсың ғой. Иілген басты қылыш шаппайтынын жақсы білдің. Е.Айғ. ~ Әке шешесі маңдайынан шертпей еркелетіп өсірген ұлының қанды қол қарақшы боларын сезбегенде шығар. А.Әлт.