Posted in

ҚАНЖЫҒАЛАС БОЛДЫ

Тағдырлас, ниеттес, сыбайлас болды; ат салысты. * Саяқ сапарфч Косман екеуін жатжұрттық қанжығалас қылып, тау ішінде таулық тағдырлас етіпті. Қазақ пен қырғыз қапталдас жатқан алып Алатаудың аңтанап соқпақтарын, ауған мен бадахшандық тәжіктер таутекедей мекендеген Памирдің ақжолақ сеңгірлерін талмай жортқан қос қарақшы болып еді. А.Алт. * Өздері – он үй. Көбі өзімен бала күннен бірге өскен қатар-құрбы жігіттер. Кешегі заманда әкесімен бірге қанжығалас болып, кәрі теңізге қара қайықты қатар салған бірнеше қартты да көріп отырған… Ә.Нұрп. * Асабаның ақсақалы – Сүйеу қарт, Есболдың көп жыл қанжығалас болған қадырман жолдасы. Бір жағынан сүйек тістескен құдандалы жекжат. Ә.Нұрп.