Posted in

ҚАНЖЫҒАЛАС СЕРІК (ДОС, ЖОЛДАС)

Мақсат-мұраты ортақ, ниеттес, ымыралас жолдас. ~ Кезінде бұл әңгімеге мән бермеппін. Кейіннен бәрі де дерек ретінде расталды. Қашқында бірге болған Жырғал, Рақымберді деген қанжығалас серіктері бертінде дүниеден қайтты. Т.Жұрт. * Егер алда-жалда осы жараға біреу-міреу тиіп кетсе, Сейтен өзін өзі ұстай алмайды, бұлқан-талқан ашуға беріледі. Бірақ бұ жолы Сейтен өйтпеді. Бір кезде қанжығалас серік болғанменен, ол Ожардан аздап күдіктенеді. І.Ес. * Сонан болар-ау, көлденең бөгде кісілер түгіл, тіпті тірлікте тақым жазбай қатар жүрген қанжығалас достары мен қосшы-қоландарының өзі де жас мырзаның арғы жағындағы ойын анық болжап білген емес. Ә.Нұрп.