Posted in

ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАП ЖҮРГЕН ЖОҚ

Өзімен бірге алып жүрген жоқ д.м. ~ Алла жар болып аман келдің. Ешкім шешесін қанжығасына байлап жүрген жоқ қой. С.Мұр. ~ Шырағым, соғыс деген тажал қанша боздақтың басын жұтты. Бірақ қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген рас. Алла жар болып аман келдің. Ешкім шешесін қанжығасына байлап жүрген жоқ қой. Т.Әбд. ~ Олар қай рулас ағасы қай қазанның құлағын ұстап отыр, астыртын мәлімет жинай жүреді. Кім туған жерін қанжығасына байлап жүр. М.Қаб. ~ Е,  айналайын,  ержетіп  келесің,  азамат  адам үйкүшік  болып  мәлкілдеп  отыра  берген  қай  жақсы, атаңды  қанжығаңа  байлап  жүремісің.  Бір  амалы  табылар. Тірі  адам  тірілігін  көреді.  Ел  бар,  жұрт  бар,  солармен селбесіп  жан  сақтай  берермін. Ш.Рах.