Posted in

ҚАНЖЫҒАСЫНА БӨКТЕРДІ

Пайдаланды, иемденді. ~ Анау екі сөздің басын қосып айта алмай тұрып, ат пен атақтың бәрін, сыйлық пен лауазымның неше түрін қанжығасына бөктерген ақадемик сымақтар аяғы салбырап аспаннан түсе қалып па екен? С.Смат. ~ Кiмiң ол сенiң? Айдаладағы бiреу. Бiр­екi рет киноға барған едiк деп аты­жөнсiз қанжығасына бөктiрiлесiң бе? Бәрiбiр саған қарамас едi ғой. Т.Сәу.