Жіптіктей болып жарап тұрған жануардың сипаты. ~ Бүкіл іш – қарынын уыстап көтеріп, ту бел омыртқасына апарып, жапсырып тастады; қаншырдай қатты да қалды. Ә.Кек. * Кейде қазақ бəйге аттарды жаратқан кезде терін алып, іш майын тарттырып, қоңын төмендетіп, бəйгеге қосқан. Бабына əбден келген ат жарап, жіптіктей болады. Аттың осындай сəттеріне көзі түскен бапкерлер: «Пай, пай, мынау қаншырдай қатқан екен!» – дейді. Ж.Баб. * Қаншырдай қатқан сарыбауыр атқа мінген жауқабақ қара шалдың өзі алдыға шыққан жас-
кәріге қасқырдай ұмтылды. Ғ.Біләл. * Екеудің мұрттысы қаншырдай қатқан жарау торы қасқасын көлденеңдей билетіп кеп, ұрсып тұр. М.Сүн. ~ Төрт жыл өтіп, бесінші жылда үйдің сыртына қаңтарып қой, бір үзім шөп, бір жұтым су бер, одан артық ештеңе берме, өзің мінбе, сонда жирен ат қаншырдай жарайды. Қ.Ерт.
