Posted in

ҚАНЫНА СІҢГЕН

Айнымас әдет боп қалыптасқан қасиет туралы. * Ат үстінен түспеген аптаның ішінде аяқ- қолы салдырап, екі қара саны талып, сыр берген. Қанына сіңген ықтияттылық пен тиянақтылық мұнда да игілігін көрсетті. Колхозшылардың қазіргі қарқыны жақсы. О.Бөк. * Рас айтам, бұл балалық емес, қаныма сіңген ұлттық қиял: баяғыда қазақ халқы ғасырлар бойы көшпенділік өмір кешті, демек олардың архитектурасы да көшпелі болған. О.Бөк. * “Қызға құда түсе келгендей сызылуын, – деді түрме бастығы іштей, – ақсүйек атаулының қанына сіңген мысық тілеу әдептілігіңнің арты қайырлы болғай, әйтеуір”. А.Смай. * Бірақ шеттерінен билікті, сонан соң қошеметті тәуір көреді. Бұл – олардың қанына сіңген әдет” деген екен. И.Сап. * – He үшін? – деді Назарбаев Ельциннің асығыс сөйлеген даусынан әлдебір абыржушылықты аңғарса да қанына сіңген қашанғы әдетімен сабырлылық сақтап. С.Дос. * Әкесі тазайын болатын. Қанына сіңген ежелгі бір дағдысы бойынша күнде ертеңгісін ерте тұрып, жұмысқа барар алдында өңіріндегі түймелерді жалтыратып ысқылап, үсті-басын тазалап жататын. Ә.Нұрп.* Қаратай бейтаныс жігіттің кісіні матап тастар сиқыр торына қас-қағым сәтке түсіп қалса да, тез тізгінін жиып, қызмет бабы арқылы қанына сіңіп қалған керенау мінезбен орнынан тұрып, коридорға шығып кетті. Д.Исаб. ~ Туған халқының салт-дәстүрін қанына сіңіріп өскен бала елдің үлкен азаматы бола алады. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мол. Ф.Оңғ.