Posted in

ҚАНЫНА СІҢДІ (СІҢІРДІ)

Әдетке айналған, бойына сіңген, үйреншікті қылықтар туралы. * … күні бүгінге дейін бір шыбықпен айдап жұмсайтын қаттылығы қанына сіңді қадеті емес, өзімсінген әкелік еркелігі еді. О.Бөкей. ~ Өзінің туған халқының тағдырымен тағдырлас болмайынша, оның тарихын, тілі мен өнерін қанына сіңіріп өспейінше, сол халықтың ақыны болу мүмкін емес. Ф.Оңғ.