Posted in

ҚАНЫН СОРДЫ

Аяусыз қанады, ақысын жеді. * Иә … Иә …. Бай тегіннен-тегін бай болмайды. Елдің байлығын, қанын сорып, малайдың еңбегін жеп бай болады. Ж.Айм. * «Иә, бұл шын-ақ қаны қара пәленің өзі екен. Мейлі, ол ата жауым десе, дей берсін. Расында менің де әрі-беріден соң, адам боп жаралғалы арыла алмай келе жатқан жауым осылар. Қанымды тірідей сорған, жанымды жегідей жеген сұмырай байдың қандыауыз қасқырына енді кішірейіп жібімей-ақ қойдым. Міне, тұрдым осы сертімде!» Р.Райым.