Аяусыз қырды. ~ Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің түрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние– мүлкін ортаға салып, алысып жатыр. Ж.Айм. ~ Бұған қарағанда Шыңғысханға жылап көрісерсің. Әттен! Әттең! Сенің кім екеніңді тым кеш түсіндім–ау! Уә, адамзат, кешір мені, кешір мені, сенің қаныңды судай ағызатын дүниеге жаңа қанішер келді…» І.Ес. ~ Молда, қожа басының сақинасы бар адамды «қаны тасып кетіпті» деп тамырынан қан ағызып емдейді. Қазақтың қаны тасып кетті дегенің бе, халқыңның қанын судай ағызғаның? І.Ес. ~ Ақтардың мың сан қарулы жасағын басқарып, көтерілісші шаруалардың қанын судай ағызған. C.Омар.
