Адам қанын аямай төкті; қанды қасап жасады. ~ Қой боғындай қорғасын Дәлдеп келіп тигесін. Қанын судай шашады, Көңілі судай тасады. “Қыз-Жібек”. ~ Өзіңді-өзің жек көрген сайын өзгені одан бетер жек көресің. Күллі дүниенің күлін көкке ұшырғың келмек. Немесе, сенің көзіңде Сайтан боп елестейтін қыбырлағанның қанын судай шашқың келер, қинағың, таптағың келер. С.Елуб. ~ Әрине, сіздің әкеңіз сияқты жазықсыз қырылған талай
мұсылманның кегі үшін қытайлардың қанын судай шашамыз. Ж.Шәк.
