Posted in

ҚАНЫН ІШТІ (ҰРТТАДЫ, ҰРТАП ІШТІ)

Түбіне жетті, жалмады. * Өзінен өзі сөз алды: «Ай, дүние жалған-ай, Іште кетті-ау арман-ай, He көрмедік мысықтан?! Қанымызды ішті ғой, Баста қайғы күшті ғой, Өтті-ау
өмір құсып қан!.. Аңдып тұрып тап беред, Тап бергенде шап беред, Талайға ол сұм салды ауыз. He қылмады қанды ауыз?! Мағжан. * Демесін. Білсе ше?.. Бізді қай бір маңдайымыздан сипап отыр? Тегін ұрып, бұлардың біразының қанын ұрттамай Демесін құламас. Б.Майл. * – Мен жазықсыз кетіп барам,- деді Кенжетай, жөнелтерде амандаса келген Балтабекке,- тірі болсам бір келермін. Егер осалдық қып Ботагөзді Итбайға берсең, менің қас дұшпаным сен боласың, алдымен сенін, қаныңды ішем. С.Мұқ. ~«Бұғыбайды ұстап берсін, одан еріміз кекті болды, қызымыз жүкті болды, балаға бауыздатып, қасықтап қанын ұрттаймыз. Бұғыбай батыр күллі қырғызға бүйідей тиді, егер ол болмаса Кенесары — Наурызбай қырғызға жол тауып келе алмас еді» дейді. Б.Қыд.* Пүліш (бірсыпыра салбырап тұрып, басын көтереді). Түсіндім!.. «Зәуре мен Досан тамыр болып жүр», — деп қайнағаны да, мені де қаңғыртып еді. Ақырында қайнағаның қанын ұрттады. Жауыз!.. Б.Майл. ~ Мамық (Зәуреге қарап). Беті тілінгір, не бетімен жылайды екен? Қанын ұрттаймын деп айтады деп еді, ұрттады ақыр. Б.Майл.