Posted in

ҚАНЫН ІШІНЕ ТАРТТЫ

Ызаға булықты; ашудан сұрланып кетті. * Оның бетіндегі айғыз-айғыз әжімі ұлғая түс кендей. Қанын ішіне тартып, сұрланып тұр. Ә.Шәр.* … сызды қабағын одан әрмен қасарыса түйiп отыр. Әбден сұрланып, қанын iшiне тартып алған. — Бiлесiң бе, мен қатты шаршадым. Ж.Шағ.* – Әй, секратар! – деп қарама-қарсы отырған бастықтың майда қайрақтай жып-жылтыр, бірақ қанын ішіне тартқан қара сұр жүзіне шаншыла қарады. Т.Рыск. * Бұршақ үдей түсті. мылқау қараңғылық. аспанның түбі тесіліп кеткен секілді. Қойшы қанын ішіне тартып, баланы бауырына басқан күйі үнсіз отырды. О.Бөк. * Аққұлдың әжімді жүзі жыбырлап, өзі құрысқандай бір уыс болып, бозарып сала берді. Қанын ішіне тартып қатайып алыпты. Б.Мом.* Сапар қанын ішіне тартып алған, сұп- сұр. Мұрны имиіп, көзінде бір өткір ұшқын ойнайды. Ащы мырс етті ол. М.Сүн.