Ниеті жаман, ойы арам, залым адам. * Әр үйлерді аралап жүрген бір шал сушымыз бар еді. Соның сөзін тыңдасам, Отарбай үйіне жаңағы бар қаны бұзық сойқандар жиылып, Сармолланы сыртынан құртып, жойып жатыр дейді. М.Әу. ~Мұстафa (дayсын есіттіре). Алжыған күшік… Айдап салғанға мәз боп… Боқтыбай. Алда ғана ит-ай… (Таяғын ала ұмтылам дегенде, Ақтандар жібермейді.) Жібер деймін, Ақтан, жібер! Өлтіремін бұл итті! Қаны бұзық малғұнды… Ақтан. Боқа, Боқа… сабыр, сабыр… (Мұстафаға.) Б.Майл.
