Жақын туыс, бір туған. * Ой-қырдан орғып-қарғып еріккенде, Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай. Сол күнде бір ер бопты алты алашта, Қаны бір қалың елмен, жаны басқа. М.Жұм. * Жыртқыш деген қасқырдың өзі мәрт емес пе! “Қасқыр да қас қылмайды жолдасына!”— деген өлеңі бар қазақтың, Қоныстас, табақтас жолдас түгілі, қаны бір туыстың өзі жау шықты. М.Мағ. * Үгіт-насихат жұмысын өте кең жүргізуіміз керек. Жаны басқа болса да қаны бір ағайындарымызды, тіпті алыс-берісіміз бар алысжақындағы таныс-білісті түгел қамтуымыз керек… Ғ.Қаб. * «Аспан айналып жерге түссе де, ағайынға қол салма демеп пе еді. Ит-ай, ұзында кегі, қысқада өші кетсе де, қаны бір туыстың маңдайына басқанын қалай дәті барып, көзі қиып қайдағы бір түркімендерге асырып жіберді. Қайтіп?» Н.Дәу.
